Шымкентте оқушыларға берген кітаптар тозып кеткен. Ата-аналар осылай деп шу шығарды.
Жаңа оқу жылында қолдарына тиген кітапты көрген ата-ана таңданысын жасыра алмай, әлеуметтік желіге жариялады. Оқулықтардың парақшаларының тігісі сөгіліп, бір-бірінен ажырап, шашылып тұр. Басқа оқулықтары да оңып тұрғаны шамалы. Ал Шымкент қаласының білім басқармасы мемлекеттік білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету жұмыстары жыл сайын жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді. Былтыр жергілікті бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, 554 382 дана оқулық сатып алынған.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ:
2026–2027 оқу жылында жергілікті бюджеттен бюджеттен 2 388 319 00 теңге көлемінде қаржы қарастырылып, 600 мыңға жуық оқулыққа оқулық қорын жаңарту, тозығы жеткен оқулықтарды ауыстыру және білім алушылардың қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында 11 баспадан оқулықтарға тапсырыс берілді. Қазіргі уақытта тапсырыс берілген оқулықтарды Шымкент қаласына жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Оқулықтар жеткізілгеннен кейін тозығы жеткен оқулықтар кезең-кезеңімен ауыстырылып, білім беру ұйымдарындағы оқулық тапшылығына қатысты мәселелер де тиісті тәртіппен шешілетін болады.