Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтөбеде облыс әкімдігіне жақын жерде оқ атылды

AstanaTV
13.03.2018ж. 20:00
2334
Ақтөбеде облыс әкімдігіне жақын жерде оқ атылды

Ақтөбеде облыс әкімдігі маңында оқ атқан адам әлі ұсталған жоқ. Ал жараланған тұрғын ем қабылдап жатыр. Құқық қорғау органдарының мәліметіне сүйенсек, 11 наурыз күні таңғы сегіздер шамасында Абай даңғылында белгісіз біреу травматикалық қарудан бірнеше мәрте оқ атқан. 25 жастағы ер адам жараланды. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, сот алды тергеу жмыстары жүріп жатыр. Бұған қатысты "Бұзақылық" бабымен іс те қозғалды. Полиция оқ атқандарды көрген-білгендерді де іздестіріп жатыр.

Ерболат Сарқұлов, облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Аулалардың бірінде 25 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынына травматикалық қарудан оқ атқан. Бұл факт бойынша ҚР ҚК 293 бабына 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тексеру амалдары жүргізілуде. Осы қылмысты ашу бойынша жұмыстар атқарылуда.