Оралда он жастағы мектеп оқушысы токқа түсіп көз жұмды. Куәгерлердің айтуынша, ол жұмыс істеп тұрған қосалқы электр стансасына өрмелеп шыққан көрінеді. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, 5 сынып оқушысы сабақтан келгесін ойнаған. Оның трансформаторға шыққанын қасындағы достары да байқамапты. Ток соққан кезде биіктен құлап түскен жеткіншек ауыр жараланған. Ағасы сол жерде алғашқы көмек көрсетсе де, ес жимастан көз жұмады. Қайғыдан қан жұтқан туыстары бүгін баланы жер қойнына тапсырды. Ал тұрғындар қосалқы электр стансасының айналасы қоршалмағанын айтады. Полиция осы оқиға ізімен қылмыстық іс қозғап, мән-жайды анықтап жатыр.
ӘЛИЯ НАУЫРЫЗҒАЛИЕВА, БҚО ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Полиция балалардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне қауіпсіздікті сақтауды ескертеді. Қосалқы электр станциялары мен басқа да электрмен жабдықтау нысандары өте қауіпті. Сондықтан балалардың осындай нысандардың аумағына кіруге және электр қондырғыларына жақындауға қатаң тыйым салу қажет.