$455.86 €528.84 ₽5.25
×

Қызылордада кәмелет жасқа толмаған қызды өлтірді деп айыпталған жігіт 20 жылға сотталды

Қызылордада кәмелет жасқа толмаған қызды өлтірді деп айыпталған жігіт 20 жылға сотталды

Қызылордада  кәмелет жасқа толмаған қызды өлтірді деп айыпталған Шиелі ауданының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Ол 16 жастағы қызды сыммен қылқындырып өлтіріп, денесін каналға тастап жіберген деп айыпталған болатын. Жалаңаш күйде судан табылған жасөспірімнің қазасы көпті дүрліктірген еді. Іс бойынша 2004 жылы туған тұрғын айыпталды. Ол отбасылы, бұрын сотты болмаған. Тергеу барысында кінәсі заттай айғақтармен және сараптама қорытындысымен толық дәлелденді дейді судья.  Айыпталушы да соңғы сөзінде қылмысын мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрады. Сот жасөспірімнің анасына материалдық шығын төлеуге үкім етті.

ДУМАН ӘЛИЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ  ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

ҚК 99-бабының 2-бөлігі 14-тармағымен кінәлі деп танылып, 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа мекемелерінде өтеу белгіленсін. 10 млн теңге моралдық шығын, тиісінше арыз берілген сәттегі е.к. бөлігінен мемлекеттік кіріске 2162 теңге мемлекеттік баж өндірілсін.