$455.86 €528.84 ₽5.25
×

Ақтөбедегі колонияда сәлем-сауқат ішіне жасырылған телефон тәркіленді

Ақтөбедегі колонияда сәлем-сауқат ішіне жасырылған телефон тәркіленді
Polisia.kz

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №70 мекемесінің режим және жедел бөлім қызметкерлері мекеме аумағына тыйым салынған затты кіргізу әрекетінің жолын анықтады.

Мекеме қызметкерлері ҚР ҚК-нің 191-бабының 3-бөлігі бойынша сотталған азаматтың атына келген сәлем-сауқатты тексеру барысында тамақ салынған құтының ішіне жасырылған "IRBIS" қара түсті телефонды анықтап, тәркіледі. Тыйым салынған затты мекеме аумағына кіргізуге әрекет жасаған 32 жастағы азамат ұсталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды.

Нәтижесінде, Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың 2026 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысымен аталған азаматқа 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды. Айта кетейік, аталған азамат бұған дейін де №70 мекемесіне тыйым салынған затты өткізуге әрекет жасаған. Oсыған байланысты мекемеге сәлем-сауқат әкелетін азаматтарға тыйым салынған заттарды өткізуге әрекет жасаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделгені ескертіледі. Ал мұндай құқық бұзушылықты қайталап жасаған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін.