$455.86 €528.84 ₽5.25
×

Түркістанда егде жастағы азамат ширек ғасыр отасқан әйелін пышақтап өлтірген

Түркістанда егде жастағы азамат ширек ғасыр отасқан әйелін пышақтап өлтірген

Түркістанда егде жастағы азамат ширек ғасыр отасқан әйелін пышақтап өлтірді. Куәгерлердің айтуынша, күдікті өзіне де пышақ салған көрінеді. Ал ішкі құрылысқа тиген пышақ жарақатынан 54 жастағы әйел ауруханада жан тапсырған. Түркістан облысы Полиция департаментінің күдікті ұстап, қамауға алды. Бұл жағдай отбасылық жанжалдан соң болғаны айтылуда. Оқиға кезінде төрт баланың кенжесі ішкі бөлмеде ұйықтап жатқан. Ол анасының қиналған дауысын естіп шыққанда қан атқылап жатқан деседі.

МҰХТАР СЕЙДІЛДАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар атқарылуда. Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешім қабылданатын болады.