$455.86 €528.84 ₽5.25
×

58 жастағы спортшы футбол ойыны кезінде көз жұмды

58 жастағы спортшы футбол ойыны кезінде көз жұмды

Ақмола облысында өткен футбол жарысында ер адам қайтыс болды. Ойын кезінде астаналық 58 жастағы спортшының денсаулығы сыр беріп, кенеттен құлаған. Дәрігерлер дереу көмек көрсеткенімен,  оны аман алып қалу мүмкін болмады. Бұл жағдайға қатысты тергеу жүріп жатыр. 

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

1968 жылы туған азаматтың өлімі Атбасар аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, процессуалдық шешім қабылдау үшін жағдайдың толық мән-жайы анықталуда.