Ал Алматы – Атырау бағытындағы пойызға үш жолаушы секіріп мінбек болды. Оқиға «Алматы-1» станциясынан пойыз қозғала бастаған кезде болған. 32-35 жастағы бір ер адам мен екі әйелдің бұл әрекеті машинистің шұғыл тежеу жүйесін іске қосуына себеп болды. Көлік полициясының мәліметінше, олар локомотивтің баспалдағы мен тұтқасынан ұстап, машинистің кабинасына бөгде заттар лақтырған. Соның салдарынан пойыз жоспардан тыс екі минутқа тоқтаған. Полиция үш азаматты ұстап, бөлімшеге жеткізді. Олардың Жамбыл және Алматы облыстарының тұрғындары екені анықталды. Оларға қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішу немесе мас күйінде жүру, сондай-ақ теміржол көлігін пайдалану қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.