$456.56 €530.52 ₽5.28
×

Қарағанды облысында ер адамды пойыз басып кетті

04.09.2026ж. 19:00
Қарағанды облысында ер адамды пойыз басып кетті

Қарағанды облысында ер адамды пойыз басып кетті. Оқиға Балқашта болған.

Бұл туралы Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы полиция басқармасы хабарлады. Ресми деректерге сүйенсек, ер адам пойызға Балқаш 1 станциясы аумағындағы теміржолға шыққан. Жүк пойызының машинисті бірнеше рет дыбыстық дабыл қаққанмен оған құлақ аспапты. Шұғыл тежегішті басқан. Дегенмен, қатты жарақаттанған ер адам оқиға орнында көз жұмды.

БАҒЛАН ЖАРЫЛҚАСЫНҰЛЫ, ҚАРАҒАНДЫ-СҰРЫПТАУ СТАНЦИЯСЫНДАҒЫ КӨЛІКТЕГІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған теміржол көлігінің жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша  Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Көліктегі полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда барлық қадетті сот- медициналық  сараптамалары тағайындалып қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.