$456.56 €530.52 ₽5.28
×

Жылына 100-ден аса бала буын ауруынан емделеді

Жылына 100-ден аса бала буын ауруынан емделеді

Жылына 100-ден аса бала буын ауруынан емделеді. Дәрігерлер соңғы жылдары ортопедиялық дертке шалдыққан жеткіншектердің күрт көбейгенін айтып, дабыл қағуда. Мәселенің төркіні неде және оның алдын алу мүмкін бе?

Емханалардағы ортопед дәрігерлердің есігінің алды кезекке толы. Соңғы уақытта жамбас буынының дисплазиясы, жалпақтабандық пен аяқтың Х және О тәрізді қисаюы сияқты диагноздар күрт «жасарып» барады. Бұрын бұл дерт сирек кездесетін болса, қазір әрбір үшінші баладан белгілі бір деңгейде ауытқу табылады. Дәрігерге көмекке жүгінетін сәбилердің де қатары көбейген.

АНЕЛЬ СЕРІКБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мойынын көтере алмады. Содан кейін осы жаққа келгенде 5 айында мойнын көтеруді, аунауды, еңбектеуді, содан кейін жүруді, қазір енді арқасын қатайту жаттығуларын жасап жатыр. Қазір жасы 1 де 5, бір жарым жаста.

Мамандар бұл тенденцияның бірнеше негізгі себебін атайды. Ең бастысы  қозғалыстың аздығы. Гаджеттерге телмірген балалар сыртқа шығып ойнамайды, салдарынан бұлшықет пен буын әлсірейді. Екінші себеп  Д дәрумені мен кальцийдің жетіспеушілігі және артық салмақ. Баланың салмағы артқан сайын, дамып үлгермеген сүйекке екі есе салмақ түседі.

АБЫЛАЙХАН ТӨЛЕГЕНОВ, РЕАБИЛИТОЛОГ- ОСТЕОПАТ:

Қазіргі таңда балаларда олай кездесу себебі, активно қимыл-қозғалыстың жоқтығы. Екіншіден организмдегі дефицит, витаминдердің жетіспеушілігі болуы мүмкін. Үшіншіден балалар бұрынғыдай көп қозғалмайды. Яғни, телефон қарайды, бүкірейіп отырады алға қарай. Және де далада жалаң аяқ жүрмейді, тек аяқ киіммен арнайы сондаймен жүргендіктен буын әлсіздігіне алып келеді. Соның әсерінен осындай диагноздар көбейіп кетті.

Дәрігерлердің басты кеңесі дерттің алдын алу. Баланың спортпен айналысуы, әсіресе жүзуі, велосипед тебуі және күнделікті таза ауада серуендеуі өте маңызды. Сондай-ақ табиғи былғарыдан жасалған, өкшесі бар ортопедиялық аяқ киімдерді таңдаған жөн.

АБЗАЛ БАУЫРЖАНҰЛЫ, АҒА МАССАЖШЫ:

Әр бала әртүрлі дамиды. Кейбір кезде келеді 9 айлық бала басын көтере алмайтын, аунай алмайтын балалар келеді. Оларға біз бірден еңбектеуді үйрете алмаймыз. Ол кісілерде басынан бастаймыз. Басын көтертеміз бірінші, аунатамыз, одан кейін барып по этапно баланы қуып жетеміз.

Мамандар баланың жүрісінен сәл де болса ақсаңдау немесе қисаю байқалса, "өзі өскенде қояды" деп күтпей, бірден маманға қаралуды ескертеді. Себебі ерте анықталған ауруды емдеу әлдеқайда жеңіл әрі тиімді.