Қазақстан мен Түркия экономикалық қарым-қатынасты нығайтады.Бұл туралы елордада өткен «Түркі әлемі диалогтары: ортақ болашақ, ортақ көзқарас» жиынында айтылды. Қос елді мәдениет, тарих пен тілдік жақындық қана емес, ортақ экономикалық мүдде де байланыстыруы тиіс. Сарапшылар өндірістік тәжірибе мен технологияларды бөлісу, табиғи ресурстарды тиімді игеру және әлемдік нарыққа бірлесіп шығу қажеттігін айтты. Сонымен қатар білім, ғылым, көлік-логистика және қауіпсіздік салаларындағы ортақ жобаларды дамытуға назар аударылды. Алдағы Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде де экономикалық ықпалдастық пен цифрландыру бағытындағы ынтымақтастыққа
БЮЛЕНТ БАЙРАМ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЗИДЕНТІ:
Тіліміз, тарихымыз бен мәдениетіміз ортақ. Ендігі міндет – ортақ іс атқару қабілетімізді жаңа деңгейге көтеру. Біздің көзқарасымыз бен іс жүзіндегі жұмыстарымыз да бір-біріне жақындай түсуі қажет. Бұл өте маңызды. Себебі біз үлкен әрі кең ауқымды отбасымыз.
ЖАНАТ МОМЫНҚҰЛОВ, Л.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:
Түркияның тәжірибесін қолдана отырып, өндірістік тәжірибесі, технологиялық деңгейі пайдалана отырып, өзіміздегі ресурстарды қалай бірге шығара аламыз. Әлемдік нарықтарға қалай ұтымды жағдайда сата аламыз. Түркия сияқты Үндістан, басқа да елдермен қалай бірге жұмыс жасай аламыз. Біз осы туралы айттық.