$456.56 €530.52 ₽5.28
×

Қызылордада Алтын Орта кезеңінің ескерткіштерін зерттеу жұмыстары қолға алынуда

Қызылордада Алтын Орта кезеңінің ескерткіштерін зерттеу жұмыстары қолға алынуда

Қызылордада Алтын Орта кезеңінің ескерткіштерін зерттеу жұмыстары қолға алынуда. Оның ішінде Жанкент маңындағы Мыңтөбе де бар. Бұл туралы  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде өткен «Сырдария қалалары және алтын орта» тақырыбындағы жиында айтылды. Дөңгелек үстелде алып империяның тарихы, мәдниеті жайлы кеңінен қозғалды. Оны кейінгі ұрпаққа жеткізу маңызды дейді ғалымдар. Себебі қазақ халқының тілдік дәстүрі, салт-жоралғылары мен наным-сенімдері Алтын Орта дәурінен бері келе жатқанын айтады.

НҰРЛЫБЕК МЫҢЖА, ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ҮЙЛЕСТІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Алтын Орда – Ұлы дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» деген тақырыпта баяндама жасады. Баяндаманың қысқаша мәні Қазақстан, Қазақ елі Алтын Орда империясының мұрагері деп баяндады. Бұл үлкен пікір, маңызды мәселе. Ендігі кезекте осы Алтын Орда мұрасын жеткілікті деңгейде игеру мәселесі. Біз соған атсалысып жатырмыз.