$456.56 €530.52 ₽5.28
×

Қазақ жазуының реформаторы – Ахмет Байтұрсынұлы

04.09.2026ж. 19:00
Қазақ жазуының реформаторы – Ахмет Байтұрсынұлы

Биыл қазақ тіл білімінің атасы, реформатор Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 154 жыл. Бір басына сан қырлы өнер тоғысқан ұлы тұлға жайлы айтып тауысу мүмкін емес. Сіз бен біз қазір айтып, сөйлеп отырған қазақ тілінің алғашқы әліппесін жасады. Бұл реформатордың бірі ғана еңбегі. Сондықтан да Ахмет Байтұрсынұлына қатысты әлі де зерттелмей келе жатқан дүние көп. Осы турасында филолог, ғалымдарды сөзге тарттық. Тілшіміз тізіп берсін.

Ахмет Байтұрсынұлы – саналы ғұмырын қазақ халқының сауатын ашуға жұмсады. Маса болып ызыңдап, қалың ұйқыдағы халқын оятуға тырысты. Қазақтың тұңғыш әліппесін жазып, ағартушылықпен айналысты. Сол үшін де сан мәрте қуғын көріп, ақыры халық жауы атанып, атылып кетті. Алайда, өзі өлсе де, сөзі өлген жоқ.

АЙТМҰХАМЕТ ТҰРЫШЕВ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

Ахмет Байтұрсынов туралы айта беруге болады.  Бұл кісі реформатор. Оны қай жағынан алып қарасаң да алғашқы ғой. Саясат жағынан алып қарасаң да, шығармашылық жағынан алып қарасаң да, анау шығармаларын оқып отырсаңда, «Маса» жинағын оқысаңда, «Қырық мысалын» оқысаң да, сонда қазақ халқына қажет екенін біліп, барлық салаларға өзінің күш жігерін жұмсаған адам.

Ахмет Байтұрсынұлы қай саланы болсын жетік меңгерген. Ұлт ұстазы  атанған. Оның тілі білі мен әдебиетіне қосқан  үлесі ұшан теңіз. Ұлы тұлғаның тағы бір ісі – қайраткерлігі.  Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатовтармен тізе қосып, Алашорда үкіметін құрды. Патша билігіне қарсы  шығып, қазақ елін азат етуге ұмтылды.

АЙМАН ЗЕЙНУЛИНА, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

Қазақтың үлкен бір өнері тіл өнері туралы соынң заңдылықтары туралы жазған адамның бірегейі осы Ахмет ағамыз. Ахмет ағаның өмір ғұмырнамасы туралы жалпы қазақ қоғамына әкелген жаңалықтарының ішінде білімдендіру мен ғылымдандыру жағында еңбегі орасан зор. Тіпті, ашық айтуға болады. Бұл кісіден кейін бірегей үлкен жаңалықтар әкелген ғалымдар саны өте аз. Соны жаңғыртып, жалғастырып жатыр. Сондықтан бұл кісінің орын ерекше дейміз.

Ғалымдар Ахмет Байтұрсынұылының мұрасы әлі толық зерттелмегенін айтады. Филология ғылымдарының докторы, профессор Айман Зейнулина оның поэзиялық шығармаларына ден қою керектігін жеткізді.

АЙМАН ЗЕЙНУЛИНА, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

Алғашқы үш томы шыққан кезде бар жоғы 10-ақ өлең кірген. Бүгін қараңыздар қаншама өлең табылып жатыр. Жазған поэмалары бар бұл кісінің хандарға арналған. Бұны да біз біле бермейміз. Халық мәденитеніе, сәйгүлікке атқа арнаған өлең жинақтары бар. Бұны да біз бүгін білмейміз. Шығарған күйі бар. Оның бүгін бір, екеуін біліп отырмыз. Сондықтан әлі де Ахаң тануға оның шығармасын түзуге жасалатын шаруалар көп.

Ахмет Байтұрсынұылының еңбегі бүгінгі ұрпақтың игілігі. Ол жазған әліппемен хат таныдық. Бір әріп үйреткен ұстазға қырық жыл сәлем бер - деген қазақ.  Ал тұтас әліппені жазып шыққан «ұлт ұстазына» барша қазақ халқы қарыздар.