Шығыс Қазақстан облысында 69 жастағы Татьяна Ригер өмірінде алғаш рет жеке куәлік алды.
Ол ұзақ уақыт бойы қазіргі үлгідегі жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген. Бұған дейін әйел 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын пайдаланған, алайда кейін оны жоғалтып алған.
Татьяна Ригер ұзақ уақыт бойы құжаттарын қайта рәсімдей алмаған екен. Ал жуырда ол Риддер қаласының көші-қон қызметіне хабарласқанда, оған қажетті құжаттарды жинауға көмек берілді.
Барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін, тамыз айының соңында Татьяна Ригер Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алғаш рет алды.
Енді ол өз құқықтарын толық пайдаланып, мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерді еш кедергісіз ала алады.
Татьяна Ригер көші-қон қызметінің мамандарына көрсеткен жанашырлығы, қолдауы және маңызды мәселені шешуге көмектескені үшін алғысын білдірді.