$456.56 €530.52 ₽5.28
×

Медицина қызметкерлері науқастарға есірткісі бар дәрі өткізген

05.09.2026ж. 14:13
Медицина қызметкерлері науқастарға есірткісі бар дәрі өткізген
Фото: pixabay

Шығыс Қазақстан облысында дәрілердің заңсыз айналымы бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Дәрілік заттардың айналымы кезіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу жұмыстары құқық қорғау және уәкілетті органдармен өзара іс-қимылда жүзеге асырылады.

 Облыс прокуратурасының үйлестіруімен 2025–2026 жылдар аралығында прекурсорлардың заңсыз айналымы фактілері бойынша 3 қылмыстық іс қозғалып, 21 әкімшілік хаттама толтырылды, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 4 млн теңгеден асты,

Өскемен қаласында «Wildberries» маркетплейсі арқылы арықтауға арналған дәрі ниетімен күшті әсер ететін заттарды заңсыз сату ісі тергеліп жатыр.

Ал Зайсан ауданында медициналық ұйым қызметкерлерінің пациенттерге құрамында есірткі бар рецепттік препараттарды өткізу фактісі анықталды.