$456.56 €530.52 ₽5.28
×

Үсік, жаңбыр, найзағай: ауа райы болжамы

05.09.2026ж. 09:23
Үсік, жаңбыр, найзағай: ауа райы болжамы
Фото: pixabay

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

Дегенмен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің оңтүстік-шығысы мен батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін.

Сонымен қатар Қазақстанның батысында, оңтүстігінде және шығысында жел күшейеді.

Оңтүстік өңірлерде кей жерлерде шаңды дауыл болуы мүмкін. Түнде және таңертең шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық облыстарда тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Сондай-ақ бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Жоғары өрт қаупі Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының солтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында, Маңғыстау облысының орталығында, Қарағанды облысының орталығы мен шығысында, Алматы және Жетісу облыстарының солтүстігінде, сондай-ақ Ақмола облысының солтүстігі мен оңтүстік-батысында және Солтүстік Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде күтіледі.

Төтенше өрт қаупі Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында, Ұлытау облысында, Қостанай облысының оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында, Алматы облысының батысы, шығысы мен орталығында, сондай-ақ Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында болжанады.