$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елордада жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша азаматтық бастамалардың екінші конгресі өтті

AstanaTV
14.03.2018ж. 20:00
2811
Елордада жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша азаматтық бастамалардың екінші конгресі өтті

Астана тұрғындары келешекте мемлекеттік қызметтің барлық түрін толықтай электронды форматта алатын болады. Осының нәтижесінде жемқорлық фактілері жойылады деген сенім бар. Бұл туралы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты. Оның сөзінше, қазірдің өзінде 82 пайыз қызмет электронды түрде жүзеге асады.

Алик Шпекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет және СЖҚІҚ агенттігінің төрағасы:

«Астана адалдық алаңы» деген пилоттық жоба енгізілген болатын. Нәтижесінде тұрмыстық коррупция жойылады деп есептейміз. Қазір азаматтарға арналған үкімет корпорациясымен бірлескен жұмыстар жүргізіліп келеді. 

Елордада жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша азаматтық бастамалардың екінші конгресі өтті. Жиында елдегі құқықтық нормативтік актілер мен бюджет қаражатының ашықтығын қамтамасыз ететін арнайы институттар мен порталдар жұмысының мардымсыз екені айтылды. «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың сөзінше, біршама уақыт бұрын тиісті заң да қабылданған. Оған сай бюджет жобасы сияқты маңызды құжаттар қоғамның талқысына түсуі тиіс болған. Алайда, нәтиже ойдағыдай емес. Сондықтан «Нұр Отан»  партиясы жемқорлықтың жолын кесуде кез-келген ұйыммен бірігіп жұмыс атқаруға дайын.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Біздің арнайы құрылған қоғамдық кеңесіміз бар. Осы саладағы жұмыстарды жандандырып, жаңа деңгейге көтермек ойымыз бар. Осындай жұмыстарда «Нұр Отан» партиясы басқада партия, қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізуге дайын.