Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ішкі істер органдары өкілдеріне қызметтік үйлерін зейнетке шықпай тұрып жекешелендіруге мүмкіндік туады

AstanaTV
14.03.2018ж. 20:00
3107
Ішкі істер органдары өкілдеріне қызметтік үйлерін зейнетке шықпай тұрып жекешелендіруге мүмкіндік туады

Қазақстанның ішкі істер органдары қызметкерлеріне қызметтік үйлерін зейнетке шықпай тұрып жекешелендіріп алуға мүмкіндік тумақ. Тәртіп сақшысы қаза болған жағдайда оның туыстары пәтерін жекешелендіре алады. Бұл жеңілдік Ішкі істер органдары қызметін жетілдіру туралы Заң жобасына енді. Құжатты Мәжіліс мақұлдады. Жаңа заң жобасына сай жергілікті полиция мен ішкі істер департаменттері біріктіріліп, полиция департаменті болып өзгереді. Жаңа департамент басшысын облыс әкімі тағайындайды. Өйткені екі мекеме басшылары бір-біріне бағынудан қалған. Сөйтіп оларды біріктіруге тура келіп отырған көрінеді. 

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР ішкі істер министрінің орынбасары:

Жергілікті полиция мен ішкі істер органдары арысында қайшылық фактілері де орын алды. Жергілікті полиция бөлімдері арасында қақтығыстар болған. Тіпті аудандық бастықтарын облыстық жергілікті басқарма басшыларына бағынбаған фактілер болған. Әсіресе ОҚО, Жамбыл, Ақмола облыстарында.

Заң жобасында әкімшілік қамауға алу мерзімін 3-тен 24 сағатқа дейін ұлғайту көзделген. Сонымен қатар, түрмеден босатылып, шартты түрде жазасын өтеп жүргендерге арақ ішуге тыйым салады. Полицейлер бұл жерде көршілердің көмегінсіз оларды аңди алмайтын сияқты.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Экспертиза бар ғой, учаскелік полиция барады да, экспертизаға апарады. Енді көршілер бар ғой, мынау сотталған көршіміз бар, 2-3 күн болды ішіп жатыр, сол учаскелікке осындай шақыру болғанда, кезекші бөлімшелер барады.