Жастар арасында «Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы» тақырыбында видеобайқау жарияланды. Бұл жобаға «Жас Отан» жастар қанаты бастамашы болған. Байқау 14 наурыз бен 4 мамыр аралығында өтеді. Әлеуметтік желілерде қолдау тапқан 10 жұмыстың арасынан қазылар алқасы үздіктерін іріктейді. Байқауға 16 жасқа толған кез-келген қазақстандық қатыса алады. Жобаның мақсаты - жастардың саясатқа деген ерекше, заманауи, креативті көзқарасын қалыптастыру. Сондай-ақ оларды азаматтық ұстанымын білдіруге ынталандыру. Үміткерлердің видеосы 5 минуттан аспауы керек. Әлеуметтік желіде жариялағанда автор "5 бастама" атты хэштегімен белгілеуі керек. Байқау нәтижесінде жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады.
Әйгерім Серікжанова, "Жас Отан" жастар қанаты сана бағытының жетекшісі :
Ең креативті ұсынған осы 5 бастаманы өзінің
жаңашыл көзқарасын видео арқылы
түсіндірген жастар "Canon" фотокамерасы, "Гоупро" және өзге
де техникалармен марапатталатын болады.