Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Оралдық өнерпаздар жерлестерін көрісу мерекесімен құттықтады

AstanaTV
14.03.2018ж. 20:00
2350
Оралдық өнерпаздар жерлестерін көрісу мерекесімен құттықтады

Көрісу мерекесі Оралда да бар сән салтанатымен тойланып жатыр. Өнерпаздар қоғамдық көліктегі жолаушылардың да көңілін көтерді. Бірнеше топқа бөлінген сауықшыл қауым қаланың әр түкпіріне қатынайтын автобустарда ән шырқап, би биледі.

Наурыздағы көрісу дәстүрі Қазақстанның батысындағы төрт облыста айрықша аталып өтеді. "Жыл сайын өтетін әдемі салт ағайын-туыстың арасы суып кетпесін деген ниеттен туған", - дейді көнекөз қариялар. Осы күні бір-бірімен көріскен жандар «Бір жасыңмен!» деп төс қағыстырады. Бұл «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман жетуіңмен!» деген мағынаны білдіреді. Мереке елдің бірлігін арттырып, араздасқан ағайынды кешірімді болуға үндейді.