$456.56 €530.52 ₽5.28
×

Ер адам көпқабатты үйдің жертөлесіне бассейн орнатып, акула өсірген

Ер адам көпқабатты үйдің жертөлесіне бассейн орнатып, акула өсірген
Фото: видеодан скриншот

Өзбекстанның Ферғана қаласында көпқабатты үйдің жертөлесіне бассейн орнатып, акула өсірген тұрғын анықталды. Бұл туралы Ферғана облысының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бақылау жөніндегі аумақтық инспекциясы мәлімдеді. 

Тексеру кезінде Ферғана қаласындағы "Мурувват" махалласы, Ферғана көшесі, 78-үйдің жертөлесінде қолдан жасалған бассейн бары анықталған. Оны осы үйдегі пәтерлердің бірінің иесі орнатқан.

"Пәтер иесі көпқабатты үйдің жертөлесіне заң талаптарын бұза отырып, қолдан бассейн орнатқан. Онда балық, оның ішінде акула өсірілгені анықталды. Тұрғынға әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ жертөлені 15 күн ішінде босатып, бастапқы қалпына келтіру туралы жазбаша нұсқама берілді", – делінген инспекция мәлімдемесінде.