Биыл мемлекеттік қызметке қабылдау жүйесі толық цифрлық форматқа көшті. Енді бұрынғыдай ішкі және жалпы конкурстар өткізілмейді. Мемлекеттік қызметке үміткерлердің барлығы бірыңғай E kyzmet платформасы арқылы онлайн іріктеуден өтеді. Жаңа жүйе азаматтарға елдің кез келген өңірінен мемлекеттік қызметке үміткер болуға мүмкіндік беріп отыр . Іріктеу процесі бес кезеңнен тұрады. Атап айтқанда, онлайн өтінім беру, тестілеу, жеке қасиеттерді бағалау, практикалық тапсырма орындау немесе эссе жазу және финалдық онлайн-сұхбаттасу. Барлық кезең орта есеппен 5-7 күн ішінде жүзеге асырылады. Бұл жүйе мемлекеттік қызметке қабылдау процесін жеделдетіп, оның ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
МАДИНА ТЛЕКОВА, ҚР СӘ КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Қазіргі күні Кассациялық соттар Департаментінде аталған жүйемен бос тұрған лауазымға конкурс жарияланып, 6 үміткерлер мемлекеттік қызметке тағайындалды. Қазіргі күні 13 лауазымға конкурс жарияладық. Іріктеу ашықтыққа бағытталған, жүйе оң нәтижесін беруде.
Айта кетейік, жаңа цифрлық формат мемлекеттік қызметке орналасу кезінде адами факторды барынша азайтып, барлық үміткерге тең мүмкіндік беруге бағытталған. Бұдан былай конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік органға барып, құжат тапсырудың қажеті жоқ. Барлық рәсім онлайн жүргізіледі.