Елордада «Әділет - бәріне бірдей мүмкіндік» атты ауқымды инклюзивті жоба өз жұмысын бастады. Мұндай сауапты бастама арқылы "Әділет" партиясының сайлауалды бағдарламасы құр сөз түрінде қалмай, нақты әрі жемісті істермен жалғасын табуда. Мақсат- ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қоғамнан тыс қалдырмай, олардың өз әлеуетін толық ашуына, кәсіби тұрғыда өсіп, қаржылық тәуелсіздікке жетуіне даңғыл жол салу. Ауқымды жобаның пилоттық кезеңі аясында қатысушылар нарықта жоғары сұранысқа ие визажист, шаштараз және маникюр шебері мамандықтарын тегін меңгеруге мүмкіндік алды. Мұнымен қоса, білім алушылардың заман ағымынан қалмай, өз ісін дөңгелетіп әкетуі үшін SMM, әлеуметтік желілерді тиімді жүргізу және қаржылық сауаттылық бойынша кешенді сабақтар ұйымдастырылуда. Жыл соңына дейін Есіл ауданы бойынша 150 азаматты сапалы біліммен қамтып, әрі қарай тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Бірегей жоба алдағы уақытта еліміздің барлық өңірлеріне кеңінен таратылмақ.
АЙЗЕРЕ МАҚСАТҚЫЗЫ, ЖОБАҒА ҚАТЫСУШЫ:
Өзім боянып, өзім сәнденіп, өзім де осындай салон ашып, үйренгім келді. Маған жалпы осы курс бүгін қатты ұнады. Жақсы түсіндіріп, жақсы көрсетіп, үйретті. Мен осы "Әділет" партиясына мың алғыс айтамын
САНИРА ЖҮСІПОВА, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫ ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Халықпен кездесу мен бүгінгі таңда біз Құрылтай депутаттары мен "Әділет" партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылуының куәгері боласыздар. Жоба 5 күн оқытылады. Сонымен қатар "Әділет" партиясында әйелдер бар, Әйелдер қанатының тең төрағалары ментор болады. Тек кәсіби оқыту емес, сонымен қатар жұмысқа да орналастырамыз.