Атырау қаласындағы ауа сапасының нашарлауына қатысты тексеру жұмыстары басталды.
Себебі, қала тұрғындары соңғы күндері ауадан жағымсыз иіс шығып, тыныс алу мүмкін емес екенін айтып дабыл қағуда. Жағдай өткен тәулікте мүлдем күшейіп, қаланы қою қара тұман басқан.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі тексеру аяқталғаннан кейін нәтижеге қарай заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданатынын хабарлады.