$454.46 €527.72 ₽5.25
×

Семейде зейнеткерді көлік қағып кетті

08.09.2026ж. 20:17
Семейде зейнеткерді көлік қағып кетті
Фото: Абай облысы ПД

Семейде Toyota Land Cruiser жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан зейнеткерді қағып кетті. Кейуана сол жерде көз жұмды. 

Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 8 қыркүйек күні сағат 12:00 шамасында болған.

«Жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған көлік құралын басқарған тұлғаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жаяу жүргіншілер өткеліне жақындаған кезде жылдамдықты төмендетіп, маневр жасау барысында ерекше сақ болуға шақырады. Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жолдың жүру бөлігіне шығар алдында, тіпті бағдаршамның рұқсат беретін сигналы жанған кезде де, қозғалыстың қауіпсіз екеніне көз жеткізу ұсынылады», – делінген облыстық ПД хабарламасында.