$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырауда шетелдік ғалымдар Наурыз мерекесінің құндылығын ортаға салды

AstanaTV
15.03.2018ж. 20:00
3074
Атырауда шетелдік ғалымдар Наурыз мерекесінің құндылығын ортаға салды

Түркі халқы ұмыт қалған салт-дәстүрді қайта жаңғыртқан Қазақстан еліне қарыздар. Атырауда өтіп жатқан халықаралық форумы аясындағы «Наурыз - адамзаттың материалды емес құндылығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына жиналған шетелдік ғалымдар осындай пікірде. Наурыз мерекесінің, соның ішінде көрісу салтының ерекшелігін талқылаған ғылыми жиынға отандық қана емес, Еуропа, Таяу Шығыс, ТМД елдерінен бірқатар ғалымдар қатысты.

Хұлия Касапоглу, ГАЗИ университеті түркітану орталығының директоры:

Біз Түрік халықтары батысқа еліктеп, ұлттық салт-дәстүрлерімізді ұмытып қалдық.  Біріншіден, Қазақстан халқына, еліне, жеріне, халқына біз ұмытқан салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртқаны үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Бұл Батыс Қазақстанда сақталып қалған тек Наурыз емес, көрісу салты, дәстүрі. Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын! 

Сондай-ақ, «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» халықаралық форумы аясында «Ұлы дала ұлағаты» кітабының тұсауы кесілді. Онда қазақтың ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тарих, мәдениет пен өнері кең қамтылған.

Айта кетейік, Назарбаев зияткерлік мектебінде "Рухани жаңғыру" кіші жобалық кеңсесі орналасқан. Осы жерде зияткерлік мектеп облыс орталығынан шалғайда орналасқан ауыл оқушыларын ғылыми жобалар жасауға тартып жатыр.

Шерхан Талап, Рухани жаңғыру республикалық жобалық кеңсесінің менеджері:

Атырау облысы - "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын жүзеге асырып жатқан ең үлкен облыстардың бірі, ең үлкен жағдайда жүргізіп жатқан. Ғылыми жобалармен танысып жатырмыз. Мұның өзі көңілімізге қуаныш сыйлап отыр бізге. Оқушылардың осы бастан ғылымға, техникаға ниет қойып, әрі қарай қазақ ғылымын дамытуға сеп болады деп ойлаймыз.