Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«Нұр Отан» жиынында қауіпті сайттарды бұғаттауды автоматтандыру ұсынылды

AstanaTV
15.03.2018ж. 20:00
2870
«Нұр Отан» жиынында қауіпті сайттарды бұғаттауды автоматтандыру ұсынылды

Балаларды зиянды ақпараттан қорғау үшін қауіпті сайттарға шектеу қоюды автоматтандыру қажет. "Нұр Отан" партиясында өткен жиында осындай ұсыныс айтылды. Оған мәжіліс депутаттары, партия жанындағы құқықтық кеңес мүшелері, мемлекеттік мекеме өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар және блогерлер қатысты.

Былтыр Ақпарат және коммуникация министрлігі әлеуметтік желілерде 1403 сайтқа шектеу қойған. Ал Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өткен жылы "өлімге шақыратын топтардың" шырмауына түскен 100 жасөспірімді анықтаған. Дер кезінде қолға алынғандықтан, ешбір бала зардап шекпеген. Биыл әлеуметтік желілерде осы секілді 20 сайт әшкереленген. Оны бұғаттау Ақпарат министрлігіне тапсырылған. Кұқықтық кеңес мүшелері бұл жеткізліксіз деп отыр. Сондықтан мұндай зиянды сайттарды бұғаттауды автоматтандырудың кешенді жоспарын әзірленуді ұсынды.

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Мына еркіндік дейтін ұғымды әркім әртүрлі өзінше түсініп, еркіндік деген ұғымды қастерлі ұғымның аясында әр нәрсені кейбір топтар басқалай пайдаланып, мына біз өзіміздің ұрпағымызды зиянды ақпараттан қорғай алмай қалып, соның кесірінен аяғында қасірет шегеді. Кейбір нәрселердің барлығын шектеуді заң арқылы білудің арқасында осындай мәселелерден арылудың жолдарын біз жасап отырмыз.