Қызылордалық еріктілер еңбек ардагері, жалғызбасты зейнеткер ауласын тазартты. 83 жастағы Нағима Жұманазарованың денсаулығына байланысты жүріп-тұруы қиын. Ол қолдау орталығына хабарласып, жастарды көмекке шақырған. Олар ауланың шөбін орып, толық тазалады. Ризашылығын білдірген кейуана батасын берді. Іс-шара «Әділет» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Жастар рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен өтті.
НҰРСАЯ СЕРІКБАЙҚЫЗЫ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Ардагерлерге үй шаруасына, ауланы тазалауға, үй қызметіне көмектесу керек болып жатса үй қызметтерін, материалдық жағдайға да көмектесеміз. Біздің негізгі мақсат- ардагерлерге көмек көрсету, біздің аға буындарымызға барынша қол ұшын созу.
Ал қарағандылық жастар жалғызбасты қария, мүмкіндігі шектеулі Владимир Маминнің үйіне барып, қолғабыс көрсетті. Бұл бастама үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге ізет білдіруді, отбасылық және ұлттық құндылықтарды дәріптеуді, сондай-ақ ардагерлерге қамқорлық пен жылулық сыйлауды мақсат етеді. Жастар қарияның ауласын ретке келтіріп, есік алдындағы шөпті жинады. Белсенділер бұл үйге жиі келіп тұрады. Қыста көмір тасып пеш жағып, қар тазалауға көмектеседі.
МАНСАР ЖҰМАҒАЛИЕВ, “ЖАСТАР РУХЫ” ЖҚ ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:
Жалпы мұндай акциялар бізде жиі өтілуде бүкіл Қазақстан бойынша. Жастарды ардагерлерімізді құрметтеуге шақырамын.