Елімізде 29 босандыру ұйымынан дезинфекция мен стерилизация режимінің бұзылғаны анықталды. Денсаулық сақтау министрлігі елдегі 82 перинаталдық орталық пен босандыру бөлімін тексерген. Нәтижесінде 81 санитариялық нұсқама берілген. Мамандар перзентханалардың тазалығын ғана емес, су мен желдету жүйесін және инфекцияның алдын алу шараларын да тексерді. Министрлік ескерту алған ұйымдарды бір айдан кейін қайта тексереді. Кемшілік қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жойылуы керек.