$456.89 €531.36 ₽5.32
×

Астана тұрғыны шлагбаумды бүлдіргені үшін жауапкершілікке тартылды

Астана тұрғыны шлагбаумды бүлдіргені үшін жауапкершілікке тартылды
Polisia.kz

Қоғамдық тәртіпті сақтау және мүлікке ұқыпты қарау - қауіпсіз, әрі жайлы қалалық ортаны қалыптастырудың маңызды бөлігі.

Өзгенің мүлкін, оның ішінде тұрғын үйлердің аулаларындағы инфрақұрылым нысандарын қасақана бүлдіру - жауапкершілікке әкеп соғады. Полиция өзгенің мүлкін бүлдіру фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты түрде тиісті шаралар қабылдайды. Осындай фактілердің бірі Бауыржан Момышұлы даңғылындағы тұрғын үйдің ауласында тіркелді. Полиция қызметкерлері 20 жастағы азаматтың аулада орнатылған шлагбаумды қасақана бүлдіргенін анықтады.

Жас жігіт құрылғыны бірнеше рет аяғымен теуіп, нәтижесінде шлагбаумды толықтай істен шығарып, материалдық залал келтірген. Осылайша қала тұрғыны заң аясында жауапқа тартылды. Жыл басынан бері елордада полицейлер өзгенің мүлкін қасақана бүлдірудің 120-дан астам фактісін анықтады. Әрбір факті бойынша тиісті шара қабылданды.