$450.79 €524.13 ₽5.31
×

Қазақстанның Малайзия мен Грузиядағы елшілері тағайындалды

11.09.2026ж. 09:41
Қазақстанның Малайзия мен Грузиядағы елшілері тағайындалды
фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия мен Грузиядағы жаңа елшілерін тағайындады.Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Талғат Мұбарақұлы Адуов Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Болатұлы Сүгірбаев Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.