$450.79 €524.13 ₽5.31
×

Президент БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Үндістанға барады

11.09.2026ж. 10:04
Президент БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Үндістанға барады
фото: Ақорда

12-13 қыркүйек күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модидің шақыруымен БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Үндістанға жұмыс сапарымен барады

Президент Нью-Делиде «Орнықтылықты, инновацияны, ынтымақтастық пен тұрақтылықты нығайту» тақырыбына арналған «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді.

Сапар аясында Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөз жүргізу, сондай-ақ бірқатар мемлекет және үкімет басшыларымен кездесу жоспарланған.

14-16 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

15 қыркүйекте Сеулде жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, қазақ-корей кеңейтілген стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады. Бұдан бөлек, Президент Кореяның ірі компаниялары жетекшілерімен кездеседі.

16 қыркүйекте Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Корея Республикасы» бірінші саммитіне қатысады.