Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Жібек жолы бойындағы елдерге ортақ виза енгізілсе, туристер саны екі есеге артады

AstanaTV
16.03.2018ж. 20:00
3300
Жібек жолы бойындағы елдерге ортақ  виза енгізілсе, туристер саны екі есеге артады

Жібек жолы бойындағы елдерге ортақ виза енгізілсе, Қазақстанға келетін туристердің саны екі есеге дейін артады. Мұндай жаңашылдық келесі жылы орын алады деп жоспарланған. Бұл туралы Қазақ-Өзбек туристік форумында «Қазақ туризм» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Рашид Күзембаев мәлімдеді. Оның сөзінше, бауырлас елдердің бастамасына Ұлы жібек жолы бойындағы өзге де мемлекеттер қосылуы мүмкін.

Рашид Күзембаев, «Қазақ туризм» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы:

Туристердің саны 1-2 жылда екі жылға дейін өсуі мүмкін. Себебі біздің мүмкіндігіміз жоғары. Келешекте басқа елдерде қосылады. Онда Қырғызстан, Тәжікстан,Түркіменстан бар. Келешекте Әзірбайжан мен Грузия да қосылады деп ойлаймыз.

«Көрші елден үйренеріміз көп», - дейді ұлттық туризм қауымдастығының төрайымы Ая Нұрдәулетқызы. Мысалы, өзбек елі туристерге арнап электронды виза тіркеуді бастамақ. Нәтижесінде виза алу тіпті жеңілдей түседі. Біздің де бұл жүйені барынша ыңғайлы еткеніміз жөн дейді. 

Ая Нұрдәулетқызы, Ұлттық туризм қауымдастығының төрайымы:

Саяхатшы визаны 2 апта күтпей, елшілікке бармай-ақ, әуежайдан немесе өз мемлекетінде элекронды түрде визасын шығарып, ақшасын төлеп шығарып алады, болды. Сонда оған бір 3 күн кетеді. Ал бізде виза алу үшін 2-3 апта кетеді. Соның өзінде оны алу Қытай, Иран, Үндістан елдері үшін өте қиын.