Астанаға газ тартылған соң жылу орталықтары көмірді 20 пайызға аз тұтынады. Бұл туралы Энергетика министрлігі өкілдері мәлімдеді. Бас қаладағы екі орталық жыл сайын 3 млн тоннадай көмір жағады. Газ тартылған соң, қатты отын көлемі 651 мың тоннаға азаяды деген жоспар бар. Бір айта кетерлігі, құбыр келесі жылы Астанаға тартылып бітуі тиіс. Бұған министрлік жауапты. Ал қала ішіндегі желілер, яғни әрбір үйге көгілдір отын құбырын тарту ісін Астана әкімдігі қолға алады. Газдың бір текше метрінің құны 47-50 теңге көлемінде болмақ. Бәлендей арзан емес, сондықтан тұрғындар жеке баспанасына газ қосу-қоспауды өздері шешеді.
Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:
Құбыр
бойында 2,7 млн халық тұрады. Магистарль толық қуатпен жұмыс істегенде жылына
2,5 млрд текше метр газ тұтынады.