$450.91 €522.69 ₽5.33
×

Мұғалім мен оқушылар адасып кетті

Мұғалім мен оқушылар адасып кетті
фото скрин

Алматы облысында құтқарушылар шатқалда адасып кеткен тоғыз адамды тапты

Қарасай ауданында Известковое шатқалында адасып кеткен тоғыз адамнан - екі мұғалім мен жеті оқушыдан тұратын топты іздеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Astana TV хабарлады.

Оқиға орнында ТЖД жедел штабы ұйымдастырылды. Іздеу-құтқару жұмыстарына Алматы облысы ТЖД, ТЖМ Республикалық «Барыс» құтқару қызметінің құтқарушылары, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер қатысты.

Жергілікті жерді барлау үшін жылу түсіргіші бар ұшқышсыз ұшу аппараты және тікұшақ қолданылды.

Таңертең топ тікұшақтан әуеден байқалды. Құтқарушылар оларға жетіп, қауіпсіз жерге - автотұраққа дейін алып шықты.

Оқушылар ата-аналарына тапсырылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Бұған дейін, Абай облысында 9 жасар бала ата-анасынан жасырынғанын жазған едік.