Трамп АҚШ пнн Қазақстан арасындағы қарым-қатынас нығая беретініне сенім білдірді
АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында арнайы құттықтау жолдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап Astana TV хабарлады.
«Құрметті, президент мырза! Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында жылы лебізімді қабыл алыңыз! Миллиондаған қазақстандық Астанада және елдің түкпір-түкпірінде 1991 жылы республика Тәуелсіздігі жарияланғаннан бері көздің қарашығындай сақтап, еселей түскен бай мәдениетін, тарихи мұрасын және қайталанбас келбетін ерекше мақтанышпен паш етеді», – деп жазды Дональд Трамп.

Ол екі ел арасындағы қарым-қатынас нығая беретініне сенімділік білдірді.
«Мемлекеттеріміз арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалаймын және мен президенттік лауазымды атқарған екі мерзімде қалыптасқан берік байланысты одан әрі нығайтамыз деп сенемін. Қазақстан халқының бағына орай, сіз сияқты тегеурінді әрі батыл көшбасшысы бар. Осы қуанышты сәтті сіздермен бөлісу – мен үшін зор мәртебе», – делінген Трамптың құттықтауында.
Бұған дейін, Дональд Трамп Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор арқылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында жолдаған құттықтау хатты табыстағанын жазған едік.