Құрылтай депутаттары «Таза Қазақстан» акциясы аясында балаларды қолдау орталығына барды, деп хабарлайды Astana TV «Әділет» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құрылтай депутаттары, «Әділет» партиясы фракциясының мүшелері Бекжан Әлімқұлов пен Нұржан Ниязалиев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына қатысты.
Депутаттар Астана қаласындағы Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына барып, оның аумағын абаттандыру жұмыстарына атсалысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, қоғамдық орындарды абаттандыруға үлес қосу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Акция барысында депутаттар орталық аумағын тазалап, абаттандыру жұмыстарына қолдау көрсетті. Мұндай бастамалар балаларға арналған әлеуметтік нысандардың айналасын көркейтіп қана қоймай, қоғамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар еліміздің әр өңірінде жалғасып, тұрғындарды туған жердің тазалығы мен көркеюіне белсенді атсалысуға үндейді.



