$450.91 €522.69 ₽5.33
×

Семейдегі сауда орталығында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалды

Семейдегі сауда орталығында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалды
Фото: depositphotos

Зардап шеккен әйел медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды, деп хабарлайды Astana TV. 

Семейдегі сауда орталықтарының бірінде әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалды. Оған ТЖМ құтқарушылары көмек көрсетті.

Оқиға туралы хабарлама 112 пультіне түскен. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері гидравликалық құралдың көмегімен 1990 жылы туған әйелдің аяғын эскалатордан босатты.

Зардап шеккен әйел медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.