Қазақстандық көркем гимнаст Ақмарал Ерекешева Чехияда өтіп жатқан Grand Prix BRNO турнирінде бір алтын және үш күміс медаль жеңіп алды.
Жарыстың шешуші күнінде жеке жаттығулар бойынша үздік тоғыз спортшы жүлделерді сарапқа салды. Іріктеу кезеңінен төрт жаттығудың да финалына шыққан Ерекешева барлық бағдарламада жүлдегер атанды.
Шығыршықпен жаттығуда қазақстандық спортшы 29,150 ұпай жинап, алтын медаль иеленді. Доппен жаттығуда 28,000, ұршықта 29,050, ал таспамен өнер көрсетуде 27,600 ұпаймен күміс жүлдеге қол жеткізді.
Осылайша, Ақмарал Ерекешева Grand Prix BRNO турнирінің жеке жаттығулар финалын төрт медальмен – бір алтын және үш күміспен аяқтады.