$450.91 €522.69 ₽5.33
×

Қазақстан мен Корея арасында ынтымақтастық ынғайып келеді, - Президент

Қазақстан мен Корея арасында ынтымақтастық ынғайып келеді, - Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Қазақстанның нөмірі бірінші бортын Сеул әуежайында Премьер-министрдің орынбасары – Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун күтіп алды. Мемлекет басшысы Хангук елінде қандай келісімдерге қол жеткізді? Тілші Айсәуле Съезбек тарқатады.

Қазақ пен Хангук елінің арасы алшақ жатыр. Алайда екі елді жақындастыратын ортақ мүдде көп. Қазақстанда 100 мыңнан аса корей ұлтының өкілі тұрады. Олар елдің  қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, өздерінің ұлттық мәдениетін кеңінен насихаттап, еркін өмір сүріп отыр. Осыдан 5 жыл бұрын Оңтүстік Кореямен Кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы мәлімдеме қабылдаған. Ынтымақтастық жыл санап нығайып келеді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Корея экономикасы айналасындағы бәсекелестік пен сын-қатерлерге қарамастан ойдағыдай дамуда. Бұл – халықтың еңбекқорлығы мен ірі кәсіпкерлердің арқасы. Қазақ халқы мен билік өкілдері достас Корея еліне шынайы сыйластықпен қарайды. Біз Кореяны халықаралық абырой-беделі зор мемлекет ретінде білеміз.

Мемлекет басшысы сапар аясында қазақ-корей қатынасын нығайтуға үлес қосып жүрген бірқатар азаматты II дәрежелі Достық орденімен марапаттады. Олардың арасында 20 жылдан бері қазақ тілінен дәріс беріп жүрген Хангук шет тілдері университетінің профессоры бар.

СОН ЁН ХУН, ХАНГУК ШЕТ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

Бүгінгі бұл марапат тек өзіме ғана емес, біздің кафедрамыздың көп жылғы еңбектеріне және Кореядағы қазақтарды оқыту мен Қазақстанды зерттеу ісіне берілген жоғарғы баға деп қабылдаймын.

Екі ел арасында машина жасау, энергетика, металлургия, цифрлық технология бойынша ірі жобалар жүзеге асырылуда. Брендке айналған корей компаниялары елімізде табысты жұмыс істейді. Сауда-экономикалық, мәдени-гуманитралық бағытта да байланыс жоғары.