$457.09 €508.42 ₽5.67

Туған қаланың тазалығы – әрбір тұрғынның мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі

Туған қаланың тазалығы – әрбір тұрғынның мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі

Шымкентте «Таза Шым» тақырыбында кездесу өтті. Жиынның басты мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіру және шаһар тазалығына бей-жай қарамауға шақыру.  Басқосуда қоршаған ортаны қорғау, экологиялық заңнама талаптарын қатаң сақтау және әрбір азаматтың табиғат алдындағы борышы жан-жақты сөз болды. 50-ге жуық белсенді жас өз ойларын ортаға салып, экологиялық мәдениетті дамытуға қатысты пікірлерімен бөлісті. Экологиялық тазалық – тек бір күндік акция емес, бұл әр саналы азаматтың күнделікті ұстанымы. «Таза Шым» бағытындағы осындай келелі кездесулер өскелең ұрпақтың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, туған қаласына деген жанашырлығын арттыра түспек дейді ұйымдастырушылар.

ҚУАНЫШ СЕРІКБАЙ, «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Біздің мақсатымыз – жалпы мұндай іс-шараларды ұйымдастырудағы жастар арасында экологиялық мәдениетті, тазалық мәдениетін қалыптастыру. Шымкент қаласында соңғы жылдары осындай саябақтар, скверлер көптеп соғылуда. Сол жердегі тазалықты сақтау үшін, енді көптеп жастарымыз барады ғой ол жерде, сол жаңадан мемлекет тарапынан соғылған дүниелерге мәдени көзқараспен қарау үшін ұйымдастырылған іс-шараларымыз өз нәтижесін беруде».