$450.91 €522.69 ₽5.33
×

«Бір-екі жылда жасанды интеллект фильмдері ажырату қиындай түседі» - продюсер

«Бір-екі жылда жасанды интеллект фильмдері ажырату қиындай түседі» - продюсер

«Бір-екі жылда жасанды интеллект фильмдерін кәдімді кинодан ажырату қиындай түседі». Елордада жасанды зердемен жасалған фильмдердің ең ірі байқауы Astana AI Film Festival өз мәресіне жетті. Ауқымды шараға әлемнің 125 елінен 8 мыңнан астам өтінім келіп түскен. Қабылданған туындылардың жалпы ұзақтығы 100 мың минуттан асады. Ал жобаның жалпы қоры 2 миллион долларды құрап отыр. Оның жартысы үздік фильмдерге жүлде ретінде берілсе, қалған 1 миллионы келешегі бар AI-командаларға инвестиция ретінде бағытталады.

БАЛАДЖИ ШРИНИВАСАН, ИНВЕСТОР, THE NETWORK SCHOOL НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

Біз қазір кино тарихындағы үлкен бетбұрыс кезеңінде тұрмыз. Бұрын фильм түсіру үшін ірі Голливуд студиялары керек болса, қазір жасанды интеллект әр авторға өз идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Бірақ мұндағы ең басты дүние сапалы сюжет пен теңдессіз оқиға. Визуалды эффектіні жасау оңай, ал көрерменнің назарын ұзақ ұстап тұру үшін мықты драма мен идея керек. Біз әсіресе бұрын-соңды айтылмаған, мысалы, Алтын Орда мен Қазақстанның шынайы тарихы сияқты бірегей оқиғаларды іздейміз.

Байқауға қатысушылар саны бойынша АҚШ көш бастап тұр, ал екінші орында  біздің ел. Отандық авторлардан 800-ден астам жоба келіп түскен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, технологияның арқасында әлемдегі барлық режиссерлерге бірдей мүмкіндік берілген. Сондықтан жергілікті креаторлардың әлемдік деңгейде бақ сынауға әлеуеті толық жетеді.

АЛМАЗ ЖАЛИ, AAIFF КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

AI-дың бір жақсы жері, токеннің бағасы барлығы үшін бірдей. Сидэнстің токендері Бразилияда да, Голливудта да, Қазақстанда да бірдей. Сондықтан қазіргі кезде бір жұмыс тарын қарап жатырмыз. Өте тең деп айта аламыз. АҚШ пен Қазақстан, немесе Қытайдыкі, Кореяныкі тең. Демек, идея жағынан қазақстандық креаторлар басқалардан кем түспейді. Біздің ойымызша, Қазақстаннан да бір-екі адам ұту керек деп үміттенеміз.