$447.8 €516.76 ₽5.3
×

Цифрлық активтер нарығы пилоттық жобалардан лицензияланатын қызметке ауысады

Цифрлық активтер нарығы пилоттық жобалардан лицензияланатын қызметке ауысады
Үкімет

Үкімет отырысы барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстандағы цифрлық активтер нарығы пилоттық жобалардан лицензияланатын қызметке ауысатынын хабарлады. KASE цифрлық қаржы активтері платформасының және цифрлық активтер сауда платформасының операторы мәртебесін алды, -  деп хабарлайды  Astana TV

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында KASE (қор биржасы) цифрлық платформасында биткоин фьючерсіне арналған ETF бойынша 20,5 млрд теңгеге 34 мың мәміле, ал үш криптоактивке арналған жаңа ETF бойынша 1 млрд теңгеге 650 мәміле жасалды.

Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастайтын үш лицензияланған оператор жұмыс істейді. Алғашқы екі айда олардың айналымы шамамен 2 млрд теңгені құрады. Тағы бес компания лицензиялау рәсімінен өтуде. Цифрлық активтерді сақтау үшін инфрақұрылым қалыптасуда, сондай-ақ оларды есептеулерде пайдалану мүмкіндіктері кеңейтілуде.

«Криптофиаттық сервистер кеңеюде. Операцияларға қызмет көрсетуге банктік емес төлем провайдерлері қосылуда. Криптокарталар, крипто-QR және криптоэквайринг қолжетімді. Осылайша, қысқа мерзімде ауқымды жұмыс атқарылып, нарықтың толыққанды инфрақұрылымы қалыптастырылды. Мұндағы негізгі элементтер бүгінде жұмыс істеп тұр», – деп атап өтті Тимур Сүлейменов.