$453.87 €508.33 ₽5.65

Қар аралас жаңбыр жауады

Қар аралас жаңбыр жауады
Сурет: istockphoto.com

Демалыс күндері елімізде қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Astana TV.

31 қазан мен 2 қараша аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжамынша, қар аралас жаңбыр жауады. Елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде көктайғақ болуы ықтимал.

Барлық өңірде жел күшейеді. Оңтүстікте күндіз шаңды дауыл соғуы мүмкін. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік, шығыс аймақтарда, сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлердің таулы аудандарында тұман түсуі мүмкін.

Ал еліміздің батысы мен солтүстік-батысында күн ашық болады.