Әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған. Елордада отбасылық жанжалдың арты екі бірдей адамның өлімімен аяқталды. Қайғылы оқиға тұрғын үй кешенінің 9-қабатындағы пәтерлердің бірінде болған. Куәгерлердің сөзінше, 12 жастағы бала пәтерден жүгіріп шығып, айғайлаған. Кейін көршілер пәтер ішіндегі жағдайды байқап, полиция шақырған. Тұрғындар бұл отбасы Астанаға Шымкенттен жуырда көшіп келгенін айтады. Бұған дейін олардың қандай да бір оғаш әрекеті байқалмаған. Қазір тәртіп сақшылары тергеу жүргізіп жатыр.
АСТАНА ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
Анықталғандай, ерлі-зайыптының арасында жанжал туындаған. Сол кезде 55 жастағы ер адам 53 жастағы әйеліне пышақ жарақатын салған. Кейін өзіне пышақ сұққан. Алған жарақаттарының салдарынан екеуі де оқиға орнында қаза тапты.