$447.88 €516.58 ₽5.29
×

Алматыда прокурор жанжал шығарды деген айыппен қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады

AstanaTV
16.09.2026ж. 19:00
Алматыда прокурор жанжал шығарды деген айыппен қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады

Алматыда прокурор қамауға алынды. Әлеуметтік желіде Еңбекшіқазақ ауданының аға прокуроры ойын-сауық орнында жанжал шығарып, полиция қызметкерлеріне бағынбағаны жазылды. Сондай-ақ жазбада оның мас күйінде жүрген болуы мүмкін екені айтылған. Автор мәліметінше, прокуратура қызметкерін бөлімшеге жеткізіп, уақытша ұстау изоляторына қамаған, кейін босатылғаны жазылған. Полиция жанжал болғанын растап, тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Оқиғаға қатысушылар Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Осы факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады.