$447.88 €516.58 ₽5.29
×

Ақтөбеде шыбын-шіркей қаптады

AstanaTV
16.09.2026ж. 19:00
Ақтөбеде шыбын-шіркей қаптады

Ақтөбеде ұсақ шыбын-шіркей көбейіп, тұрғындарға қолайсыздық туғызуда. Қала көшелерінде құжынаған жәндіктер ауызға, мұрынға, көзге кіріп, киімге жабысып жатыр. Жұртшылық зиянкестердің жыл сайын осы кезеңде көбейетінін айтуда. Қала әкімдігі жәндіктердің күрт көбейуін күннің жылынуымен байланыстырып отыр. Қазір өзен-көлдер, саябақтар мен тұрғын алаптарда залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 15 миллион теңге қаржы бөлінген.

ЖӘДІГЕР БАЛТАБАЙ, ҚАЛАЛЫҚ ТКШ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Көрші қаланың ескі бөлігі және Құрылысшы ауданында өңдеу жұмыстары жүргізілді, мына жәндіктерге қарсы. Енді біздің кезекте мына Есет батыр тұрғын үй алабы, Сүт зауыты ауданы және де іргелес орналасқан елді мекендерге өңдеу жұмыстарын жоспарлап отырмыз қазіргі таңда.