$447.88 €516.58 ₽5.29
×

Ақтау портында «Әділет» партиясының бастауыш ұйымы жұмысын бастады

AstanaTV
16.09.2026ж. 19:00
Ақтау портында «Әділет» партиясының бастауыш ұйымы жұмысын бастады

Ақтау халықаралық теңіз сауда портында «Әділет» партиясының бастауыш ұйымы жұмысын бастады. «Теңіз қақпасы» деп аталатын жаңа құрылымның қатарына қазірдің өзінде жүзге жуық қызметкер қосылған. «Заң мен тәртіп» қағидасын басты бағыт еткен саяси бірлестік үшін мұндай бастауыш ұйымдар - маңызды бастама. Енді порт мамандары заңнамалық өзгерістерге тікелей ұсыныс енгізіп, елдің саяси өміріне белсене араласа алады. Айта кетейік, аталған өндіріс ошағында 500-ден астам адам еңбек етеді.

АБЗАЛ МАРАТ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін Ақтау халықаралық теңіз сауда портында "Әділет" партиясының бастауыш  ұйымы ашылды. Бұған бірнеше себебі бар. Алғашқы рет Құрылтай сайлау науқаны кезінде осы ұжымның қызметкерлері партия төрағасы Айбек Дәдебайға бастауыш партия ұйымын ашу туралы ұсыныс айтқан болатын.