Заңнама және құқықтық ақпарат институты қолданыстағы заңдарға мониторинг жүргізеді. Өткен жылы мамандар 50 заңды сараласа, биыл тағы 30 заңға талдау жасалған. Нәтижесінде заңнаманы жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірленеді. Институт Конституцияның мазмұны мен азаматтардың құқықтарын түсіндіру жұмысына да белсенді қатысқан. Биыл қызметкерлер бұқаралық ақпарат құралдарында 150-ден астам іс-шара өткізіп, халыққа конституциялық реформаның мәнін түсіндірген.
ЖАНАР ЖІГІТЕКОВА, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ ЗАҢНАМА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚПАРАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Қазір қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің жаңа редакциялары әзірленуде. Бұл жұмысты институт негізінде Әділет министрлігінің бұйрығымен құрылған тиісті жобалық кеңсе атқарады. Оның міндеті қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамаға кешенді талдау жүргізу және оны халықаралық стандарттар мен озық шетелдік тәжірибе негізінде қолдану.