$447.88 €516.58 ₽5.29
×

28 жастағы спортшы өндірісте көз жұмды: полиция тергеу бастады

28 жастағы спортшы өндірісте көз жұмды: полиция тергеу бастады
Фото: adal_adam.kz

Шымкенттегі керамикалық тақта шығаратын зауытта грек-рим күресінен Қазақстанның бұрынғы чемпионы, 28 жастағы Тілектес Әділ қайғылы жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды  AstanaTV

Марқұмның досының айтуынша, жұмыс кезінде спортшы абайсызда электр сымына тиіп, тоқ соққаннан кейін биіктен құлаған. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Полиция аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған.

Тілектес Әділ бала кезінен күреспен айналысып, есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы жарыстарда Қазақстан намысын қорғаған. Ол 2018 жылы 55 келіге дейінгі салмақта республикалық спартакиадада, 2019 жылы 60 келіде ересектер арасындағы ел чемпионатында алтын медаль жеңіп алған.

Марқұмның артында жұбайы мен екі баласы қалды.